2022 жылғы 22-25 ақпанда "Білімнің Жібек жолы: ғылым мен жасыл саясаттың кездесуі" тақырыбы бойынша халықаралық онлайн-конференция өтті, оған түрлі мемлекеттік органдардың, халықаралық мекемелердің, ҮЕҰ өкілдері және су ресурстарын басқару мен климаттың өзгеруі саласындағы мүдделі мамандар қатысты. Конференцияны Қазақстан-Неміс университеті, Германия Сыртқы Істер Министрлігі және "Жасыл Орталық Азия" бағдарламасы ұйымдастырды.

2022 жылғы 8-10 ақпанда "БҰҰ-су ресурстары" бастамасы шеңберінде ТДМ 6 қол жеткізудің кешенді мониторингі бойынша (КМБ-ТДМ6) су және санитария саласында 6 ТДМ кешенді мониторингі бойынша 2-ші Жаһандық семинар өткізілді.

Семинардың жалпы мақсаты БҰҰ-ның елдік үйлестірушілері мен жауапты мекемелеріне бүгінгі күні жасалған күш-жігердің қорытындыларын шығару үшін платформа ұсыну, 6-ТДМ жетудегі прогресс туралы хабарлау, 6-ТДМ деректерін пайдалану бойынша келесі қадамдарды қарау және 6-ТДМ бойынша мониторинг және есептілік бойынша болашақ жұмысқа дайындалу болды.

2022 жылғы 3-4 ақпанда Конвенцияның жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тобы (АЖТ) өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсері туралы БҰҰ ЕЭК Конвенциясын жүзеге асыру барысында алынған озық практика мен сабақтар бойынша семинардың арнайы сессиясын өткізді. Семинар аралас форматта, Женевада және онлайн режимінде ұйымдастырылды.

Халықаралық суды бағалау орталығы БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясымен ынтымақтаса отырып, "Төтенше жағдайлар кезінде Сырдария өзенінің ластануының алдын алу және оған ден қою жөніндегі бірлескен шаралар әзірлеу"жобасын орындауға бастамашылық жасады.

Жобаның мақсаты - Қазақстан-Өзбекстан бірлескен жұмыс тобына судың авариялық ластануының алдын алу және оған ден қою жөніндегі бірлескен іс-шараларды әзірлеуге жәрдем көрсету арқылы Сырдария трансшекаралық өзенінің су ресурстарының ластануын азайту және алдын алу.

2021 жылғы 21 желтоқсанда "Сырдария өзенінің авариялық жағдайларда ластануының алдын алу және оған ден қою жөніндегі бірлескен шараларды әзірлеу"жобасы сарапшыларының бірінші техникалық кеңесі өтті.

рг

2021 жылғы 10 желтоқсанда Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі трансшекаралық өзендер департаментінің Халықаралық су қатынастары басқармасының бас сарапшысы Ташимов Е.С. төрағалығымен трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы Конвенция бюросына Қазақстанның төрағалық етуі жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) бесінші отырысы өтті.

Бүгін Тәжікстанда қалдық қоймаларының қауіпсіздігі және судың авариялық ластануын болдырмау жөніндегі жұмыс тобының (ҮЖТ) инаугурациялық кездесуі өтті, оған Тәжікстанда және одан тыс жерлерде Орталық Азиядағы қалдық қоймаларының қауіпсіздігін нығайту үшін түрлі ұлттық билік органдарының, операторлардың, халықаралық мекемелердің өкілдері және мүдделі мамандар қатысты. Топ ҮЖТ техникалық тапсырмасын келісіп, оны Тәжікстан үкіметінің жанынан ресми түрде құруды ұсынды. Осылайша, Тәжікстан Орталық Азиядағы осындай жұмыс тобын құруға кіріскен алғашқы ел болып табылады.

2021 жылғы 25 қарашада Қазақстан, Нұр-сұлтан қаласында су саясаты туралы Ұлттық диалог (ССҰД) жөніндегі Ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің жетінші отырысына дайындық бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Кеңес Қазақстанның мемлекеттік органдары өкілдерінің, сарапшылар қауымдастығының және халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды.

2021 жылғы 17 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросы (ДДҰ) су және денсаулық проблемалары жөніндегі Хаттама шеңберінде нысаналы көрсеткіштер мен есептілікті белгілеу жөніндегі нысаналы топтың он екінші кеңесі өтті.

 

Климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ тараптары конференциясының 26-шы сессиясы (ТК-26) Ұлыбритания Италиямен серіктестікте ұйымдастырған БҰҰ-ның ТК-26 климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы 2021 жылғы 31 қазан мен 12 қараша аралығында Глазго