2018 жылғы 24 сәуірде Астана қаласындағы Мәжіліс үйінің ғимаратында трансшекаралық өзендердің су ресурстарын қорғау және пайдаланудың жай-күйін талқылау бойынша Дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік палатасының комитетінің аясында өтті. Отырысқа депутаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері, бірқатар облыс әкімдіктері, су шаруашылығы саласындағы сарапшылар, халықаралық ұйымдар, соның ішінде Халықаралық суды бағалау орталығы да қатысты. Күн тәртібі бойынша орын алған проблемалық сұрақтарды, яғни Орталық азия елдерімен, сондай-ақ Ресей мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалану мәселелері, атап айтқанда, шекаралас мемлекеттермен трансшекаралық су ресурстарын пайдалану және қорғау бойынша ынтымақтастықтың нақты тетіктерінің болмауы,  өңірдегі трансшекаралық суды пайдалану саласындағы ескірген құқықтық база, сондай-ақ жекелеген өзендердің, атап айтқанда, Жайық, Ертіс, Іле, Шу жәнеТалас өзендерінің өзекті мәселелері. Кеңес қорытындысы бойынша осы саладағы проблемалық мәселелерді шешу үшін өткен талқылаудың маңыздылығы мен конструктивтілігі белгіленді.