2018 жылы 19 -23 наурыз аралығында Бразилиа(Бразилия) қаласында «Суды бөлісу» тақырыбында 8-ші Дүниежүзілік су форумы өтті. Қазақстан Елшісі Қайрат Саржанов бастаған қазақстандық делегацияны Аралды қорғау жөніндегі халықаралық қордың Атқарушы дирекциясының директоры Болат Бекнияз және Халықаралық суды бағалау орталығының директоры Серік Ахметов қатысты.

Форумды қабылдаушы елдің президенті Мишель Темер және іс-шараның ұйымдастырушысы, Бүкіләлемдік су кеңесінің басшысы Бенедиито Брага ашты. Форумның құрметті спикерлер Жапония Нарухито, Венгрия Президенті Янош Адерге, Гайана президенті Дэвид Грангер, Оңтүстік Корея Премьер-министрі Ли На Ен, Марокко Премьер – министрі Саад Эддин Эль Oтмани, Монако Князьдігінің Премьер-минстрі Серж Телль, Дүниежүзілік су кеңесінің құрметті Президенті Лоик Фошон, БҰҰ бағдарламасының қоршаған орта бойынша Атқарушы директоры Эрик Солхейм, ЮНЕСКО Бас директоры Одри Aзулай, Америкааралық даму банкінің инфрақұрылым және энергетика бойынша басқарушысы Хосе Агустин Агирре, сондай-ақ, министрлер, парламент мүшелері, судьялар мен прокурорлар және халықаралық, өңірлік және үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми және академиялық ортаның өкілдері.

Форум аясында 280-нен астам іс-шаралар өткізілді, соның ішінде министрліктер конференциясы, арнайы сессиялар, саяси, тақырыптық, аймақтық үдерістераймағындағы кеңестер және азаматтық форумдар, жоғары деңгейлі дөңгелек үстелдер, жанама шаралар, дебаттар. Форумның көрмесінде су шаруашылығы саласындағы 80-нен астам жергілікті және шетелдік ұйымдар өз павильондарын ашты.

Форумның бірінші күні Қазақстан делегациясы «Климат» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі дөңгелек үстелінде сөз сойледі. Бұл кеңеске Бразилия Қоршаған орта министрлігінің басшылығы, Оңтүстік Корея, Жапония, Чили, Египет, БАӘ, Франция, Монако, Испания, Хорватия, Словакия, Малави,  Куба елдерінің, сондай-ақ Дүниежүзілік су кеңесі мен климаттың өзгеруі бойынша Бразилия форумының жоғары өкілдері қатысты. 

Биылғы жылдың 23 наурызында 10 000-нан астам қатысушы мен 45 000 келуші қатысқан 8-ші Дүниежүзілік су форумы Министрлік саяси декларацияны қабылдаумен аяқталды. Қазақстаннан басқа Орталық Азия елдерінің арасында Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанның министрлік және сарапшылық деңгейдегі делегациялары қатысады. 

Дүниежүзілік Су форумы әр үш жыл сайын өткізілетін су саласындағы әлемдегі ең ірі іс-шара болып табылады. Бразилия Кореяда Дүниежүзілік су кеңесніңі Директорлар ұйымы жиналысының 51-ші отырысында келесі халықаралық су шарасын өткізу үшін  2014 жылы сайланды. Форумның миссиясы төрт негізгі мақсаттарға қол жеткізу үшін бағытталған: саяси күн тәртібінде су мәселелерінің рөлін арттыру, ХХІ ғасырдағы халықаралық су проблемаларын шешу бойынша пікірталастарды тереңдету, нақты ұсыныстарды қалыптастыру және су проблемаларының маңыздылығына назар аудару, саяси міндеттемелерді қалыптастыру.