2018 жылғы 8-9 ақпанда Женевада (Швейцария) Ұлттар сарайында Су Конвенциясы (бұдан әрі - Конвенция) Тараптарының Кеңесі Бюросының 26-шы отырысы өтеді.

Күн тәртібінде Конвенцияны жаһандық ашылу контекстіндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жұмыс бағдарламасы жобасының талқылануы, сондай-ақ Астана қаласында 2018 жылдың 10-12 қазанында өтетін Тараптар Кеңесінің 8-ші отырысына дайындық талқыланады.

Атап айтқанда, Бюро Тараптар Кеңесінің 8- сессиясының жалпы күн тәртібінің жобасын және жоғары деңгейлі сегментті ұйымдастыру мүмкіндігін, сондай-ақ жоғары деңгейдегі спикерлерді шақыру және келісімдерге қол қою сияқты басқа да ұйымдық мәселелерді қарастырады.

Арнайы сессия 2019-2021 жылдарға арналған ХСБО-ның болашақ жұмыс бағдарламасын талқылауға арналады.

Бюро отырысына ХСБО директоры С. Ахметов қатысады.