Іс-шара Қазақстандағы Су саясатының ұлттық диалогы бойынша   кеңес шеңберіндегі Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдеріне арналған аймақтық жобасының шегінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Еуропалық экономикалық комиссияның ресми қолдауымен ұйымдастырылды.

Кеңеске Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, мүдделі мемлекеттік органдар, Трансшекаралық су туралы конвенциясы хатшылығының басшысы Франческа Бернардини, Швейцария мен Словакия елшілері, Орталық Азия, Ресей, Қытай, Нидерланды және Словакия елдерінің сарапшылары, халықаралық ұйымдар мен донорлар, Еуропалық Одақ, ЭЫДҰ, ЕҚЫҰ, БҰҰДБ және ДДҰ өкілдері қатысты.

Тұсаукесер барысында Нидерланды мен Словакияның ХСБО  орналасуы мен ұйымдастырылу тәжірибесін, сондай-ақ алдағы жылдарға арналған ХСБО жоспарлары мен перспективалары белгіленді.

Конвенция Хатшылығының басшысы Франческа Бернардини ХСБО - ның ашылуы аймақтағы трансшекаралық суларды тұрақты басқаруды қамтамасыз етуге көмектесетінін атап өтті. Бұдан басқа, ХСБО су проблемаларын шешу үшін түрлі бастамаларды дамытуға көмектеседі.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілінің айтуынша, Астанада ХСБО кеңсесінің ашылуы өңірлік диалогтың тиімділігін арттыру және халықаралық ұйымдармен су мәселесі бойынша ынтымақтастықты кеңейту бойынша тағы бір қадам болады. Орталықтың Қазақстандағы қызметі аймақтық және жаһандық су проблемалары бойынша халықаралық ғылыми орталыққа айналуға және әлемдік қоғамдастыққа үлес қосуға мүмкіндік береді.

Серіктес ұйымдардың өкілдері Қазақстанды Орталықты қабылдау бастамасымен құттықтап, онымен ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.