2021 жылғы 4-5 қазан аралығында Еуропалық Одақ – Орталық Азия қоршаған орта және климаттың өзгеруі жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі - РМСЖҚИ) оныншы отырысы өтті.

Отырыс Еуропалық одақ (бұдан әрі – ЕО) пен Орталық Азияның қоршаған орта және климаттың өзгеруі саласындағы өңірлік ынтымақтастығының прогресі туралы қорытынды шығару және жаңартылған ақпарат беру мақсатында ұйымдастырылды. Кеңеске 80-нен астам адам, оның ішінде Орталық Азия елдерінің қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық саясатына жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері, ұлттық сарапшылар, ЕО ұйымдарының, халықаралық және өңірлік ұйымдардың, сондай-ақ үкіметтік емес институттардың өкілдері қатысты.

Отырысқа қатысушылар ЕО мен Орталық Азиядағы ағымдағы жағдайды ескере отырып, жасыл қалпына келтіруді қамтамасыз ету үшін ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылады. Талқылау келесі төрт тармақ бойынша жүргізілді: биологиялық әртүрлілік, климаттың өзгеруі, экономикалық өсудің ластанудың өсуіне тәуелділігін жою және тұрақты қалпына келтіру құралдары.

Отырыстың ашылуында ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі, Елші Терхи Хакала ханым, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов мырза, Еуропалық Комиссияның қоршаған орта мәселелері жөніндегі Бас директоратының жаһандық тұрақты даму жөніндегі директоры Астрид Шомакер ханым және Италияның экологиялық көшу министрлігінің Бас директоры Оливьеро Монтанаро мырза құттықтау сөз сөйледі.

Вице-министр Ахметжан Пірімқұлов Қазақстан Республикасының экологиялық және климаттық саясатындағы соңғы өзгерістерді атап өтіп, елдің 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізуге ұмтылысы туралы хабарлады. Осыған байланысты жаңа экологиялық кодекс сияқты тиісті құралдар қабылданды. Сонымен бірге, 2060 жылға дейін Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізу Доктринасы әзірлеу сатысында қарастырылуда. Ол жасыл қаржыландыруға және жасыл технологияларды енгізуге ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

РМСЖҚИ отырысы шеңберіндегі талқылаулардың нәтижесінде WECOOP жұмыс жоспарына енгізілуі мүмкін екі жаңа тақырып айқындалды – бұл өңірлік деңгейдегі су сапасын бағалау және экологиялық проблемаларды табиғатты сақтайтын шешімдер.

Отырыс қорытындысы бойынша экологиялық саясат және "жасыл" қалпына келтіру саласындағы шешімдер бойынша интерактивті диалог өтті. Қатысушылардың сұрақтары мен ескертулері су сапасының мониторингіне, "Жасыл" экономикаға көшу стратегиясына, Арал теңізінің проблемаларына, қалдықтарды басқару мен биоалуантүрлілікке қатысты болды.

Жалпы, отырысқа қатысқан Орталық Азия елдерінің, халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері СЖҚІА қызметін жоғары бағалады және ЕО мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты жалғастыру қажеттігін атап өтті, сондай-ақ өңірлік тәсіл ең жақсы нәтижелер әкелетінін атап өтті.