2021 жылғы 14 қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) және білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) бірлесіп 2021 жылы дайындалған индикатор бойынша жұмыс барысы туралы екінші есепті шығаруға және ТДМ 6.5 міндетін қолдау үшін трансшекаралық су ынтымақтастығы саласындағы прогресті жеделдету үшін нақты іс-қимылдарды талқылауға арналған веб-семинарды ұйымдастырды және өткізді.

Вебинарға су ресурстарын басқаруға жауапты министрліктерді, Сыртқы істер министрліктерін және тұрақты өкілдіктерді, Ұлттық статистикалық басқармаларды, трансшекаралық суларды басқарумен айналысатын халықаралық ұйымдарды және басқа да сарапшыларды қоса алғанда, әлемнің әр түкпірінен мүдделі тараптардан 200-ден астам адам қатысты. Сонымен қатар вебинарда Халықаралық су ресурстарын бағалау орталығы қатысты.

БҰҰ ЕЭК заң кеңесшісі және Нортумбрия заң мектебінің профессоры Алистар Рье-Кларк вебинарды бастады. Ол ТДМ 6.5.2 индикаторы туралы негізгі ақпаратпенен бөлісіп, вебинардың модераторы болды.

Содан кейін БҰҰ ЕЭК қоршаған орта мәселелері жөніндегі қызметкері Сара Тифенауэр-Линардон және ЮНЕСКО МАБ өкілі Аурелиен Дюмон ТДМ 6.5.2 көрсеткішінің екінші мониторингінің нәтижелері мен негізгі қорытындыларын ұсынды. Олар ТДМ 6.5.2 көрсеткішінің деректері 153 елдің тек 24-інде ғана су ресурстары қолданыстағы келісімдермен қамтылғанын көрсетті. Сондықтан қаржыландыруды оңтайландыру, деректер мен ақпаратты жақсарту, әлеуетті, инновацияларды және басқаруды дамыту арқылы прогресті жеделдету үшін елеулі күш қажет екендігін көрсетті.

Келесі төрт баяндамашы - Герта Любонжа (Албания), Кармен Картахена (Гондурас), Джералд Мундондва (Зимбабве), Кристиан Северин (Жаһандық экологиялық қор) - трансшекаралық су ынтымақтастығын дамыту және міндетке қол жеткізу жөніндегі ТДМ 6.5. жету үшін, ТДМ 6.5.2 көрсеткішінің мониторингін қалай пайдалануға болатындығы туралы негізгі көзқарастарды ұсынды.

ТДМ 6 көрсеткіштерінің орындалу барысы туралы негізгі ережелерді баяндай отырып, Алистар "2030 жылға қарай трансшекаралық су ынтымақтастығын ілгерілету үшін 6.5.2 ТДМ мониторингілеу процесін қалай барынша тиімді пайдалану керек?" мәселесі бойынша аудиториямен пікірталас өткізді.

Вебинарды жерасты сулары мен елді мекендер жүйелері секциясының жетекшісі, ЮНЕСКО МАБ бағдарламасының үйлестірушісі Алиса Аурели және БҰҰ ЕЭК су Конвенциясының хатшысы Соня Коппель қортындылады. Олар вебинарда айтылған негізгі ойларды атап өтіп, вебинардың барлық қатысушыларына алғыстарын білдірді.

Бұл веб-семинар 6-ТДМ (IMI-SDG6) арналған "БҰҰ-су" кешенді мониторингі бастамасы шеңберінде 2021 жылы ТДМ 6 көрсеткіштері бойынша есептерді іске қосу бойынша веб-семинарлар сериясының бөлігі болып табылады.

6-мақсат сумен жабдықтау және санитарияға қатысты орнықты даму саласында (ТДМ 6) су ресурстарын, сарқынды суларды және экожүйелерді тұрақты басқаруға және қолайлы ортаның маңыздылығын тануға баса назар аудара отырып, қауіпсіз ауыз су мен санитарияны қамтамасыз етуге бағытталған. 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы Күн тәртібінде елдер жаһандық көрсеткіштер жиынтығын пайдалана отырып, жүйелі түрде кейінгі іс-қимылдарды жүргізуге және мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізудегі прогресті талдауға міндеттенді.