2019 жылғы 23-26 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Мажарстан ІІМ Өзен бассейнін басқару және суды қорғау лепартаментінің басшысы Питер Ковач мырза бастаған венгр делегациясының сапары өтті.

Сапардың негізгі мақсаты – 2019 жылғы 29 сәуірдегі ҚР АШМ мен Мажарстан ІІМ арасындағы су ресурстарын басқару саласындағы Өзара түсіністік туралы Меморандум (бұдан әрі - Меморандум) шеңберіндегі ынтымақтастық тетіктерін талқылау, сондай-ақ Шекарааралық сулар жөніндегі конвенцияға Қазақстанның төрағалық етуі шеңберінде Мажарстанның қолдауы.

Сапар барысында ХСБО-да кездесу өтті, онда ХСБО мен Мажарстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері, сондай-ақ су ресурстарын бөлу жөніндегі Басшылықты дайындау бойынша уағдаластықтарға қол жеткізу мәселелері талқыланды.

Мажар делегациясының мүшелері ХСБО қолдауымен Қазақстанның мүдделі мемлекеттік органдарымен кездесулер өткізді. Кездесуге қатысушылар Меморандум аясында әзірленуі тиіс басым тақырыптарды келісті, атап айтқанда: шекарааралық өзендерде су ресурстарын бөлу, экологиялық ағын, су тасқынын болжау, құрғақшылықты басқару және суару. Венгерлік тарап Меморандумды жүзеге асыруды үйлестіру үшін Біріккен сараптама тобын құруды және 2020-2021 жылдарға арналған жұмыс жоспарын әзірлеуді ұсынды.

Мажар делегациясы Астана су қоймасында және Нұр-Сұлтан қаласының қорғаныс бөгетінде болды

 

30.07.19 2 30.07.19