2019 жылы 14 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында (Қазақстан) су мәселелеріне жауапты мемлекеттік құрылымдардың, ғылыми мекемелердің, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері су саясаты бойынша Ұлттық диалог жөніндегі жұмыс тобының кезекті кеңесіне қатысты.

Кеңес аясында мүдделі тараптардың өзара іс-қимылы мен үйлестірілуін талап ететін мәселелер қаралды. Атап айтқанда, қатысушылар Қазақстанның шекарааралық жер асты сулары саласындағы ынтымақтастығын, Қазақстандағы гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және судың кездейсоқ ластануын болдырмау, сондай-ақ Орталық Азияда халықаралық су-энергетикалық консорциумын құру мүмкіндігін талқылады.  Халықаралық суды бағалау орталығының (ХСБО) директоры Серик Ахметов Орталық Азиядағы бөгеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ХСБО қызметі туралы презентация жасады.

Кеңес қорытындысы бойынша 2019-2020жж. ССҰД жұмыс жоспарының жобасына түсініктемелер дайындалды және ағымдағы жылдың күзіне жоспарланған Ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің отырысына ұсыныстар айтылды.

25.06.19 6 25.06.19