2019 жылы 11-13 маусымда Көкшетау қаласында (Қазақстан) Орталық Азиядағы тау-кен өндіру операциялары мен қалдық қоймаларының қауіпсіздігін нығайту бойынша семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренинг қалдық қоймаларының қауіпсіздігіне байланысты қауіп-қатерлерді төмендету саласында қатысушылардың білімін арттыруға, сондай-ақ БҰҰ ЕЭК Өнеркәсіптік авариялардың шекарааралық әсері туралы конвенциясын және БҰҰ ЕЭК Шекарааралық суағарлар мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенциясын жүзеге асыруды нығайтуға бағытталған.

Іс-шараларды Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының қолдауымен және "Су бастамалары орталығы" қоғамдық қорымен ынтымақтастықта Өнеркәсіптік авариялардың шекарааралық әсері туралы конвенцияның хатшылығы ұйымдастырды.

Іс-шараға Халықаралық суды бағалау орталығының қызметкерлері Серик Ахметов пен Сандуғаш Абдижалелова қатысты.

 

25.06.19