2019 жылы 4 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында (Қазақстан) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев пен БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) Қоршаған орта бөлімінің директоры Марко Кейнердің ХСБО директоры Серик Ахметовтың қатысуымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері және Шекарааралық сулар жөніндегі конвенцияның жұмыс органдарының қызметімен істер ережелері, сондай-ақ БҰҰ ЕЭК-ның Орталық Азиядағы су жобаларын іске асырудың ағымдағы мәселелері талқыланды.

Кездесуге қатысушылар Қазақстандағы ХСБО қызметін қолдау бойынша, атап айтқанда оның құқықтық мәртебесін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруға келісті. Қазақстандық Тарап БҰҰ ЕЭК-на Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019-2021 жылдарға арналған ХСБО жұмыс жоспары шеңберінде экологиялық ағысты бағалау және су ресурстарын бөлу атты екі жобаны іске асыруға бюджеттік қаражат бөлгені туралы хабарлады.