2019 жылы 5 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында ХСБО директоры Серік Ахметов мырза Израильдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Лиат Вексельман ханыммен кездесті.

Кездесу барысында шекарааралық су ресурстарын қорғау және пайдалану, су үнемдеу, жер асты суларының жағдайын бақылау, сондай-ақ екі елдің мамандары арасында тәжірибе алмасу мәселелері бойынша тренинг өткізу мүмкіндіктері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тренинг өткізу туралы ұсыныстарымен хат жобасы дайындалып, Қазақстандағы Израиль елшілігіне жіберіледі.