2019 жылғы 17 мамыр, Нұр-Сұлтан - XII Астана экономикалық форумы шеңберінде Халықаралық суды бағалау орталығы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Швейцария даму және ынтымақтастық агенттігімен, Дүниежүзілік банкпен және Қазақстандағы ЕО өкілдігімен бірлесіп «Су Орталық Азиядағы экономикалық өсу мен қауіпсіздік факторы ретінде» атты жоғары деңгейдегі панельдік сессия өткізді.

Панельдік сессия жұмысына Орталық Азияның бес елінің басты министрліктерінің өкілдері, Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты.

Панельдік сессия барысында аймақтық деңгейде су ресурстарын тұрақты басқаруға ұлттық қажеттіліктер мен көзқарастар талқыланды. Халықаралық әріптестердің қолдауымен Арал теңізі бассейнінде елдердің өзара іс-қимылының жаңа қаржы-экономикалық тетігін құру тұжырымдамасын әзірлеу арқылы Орталық Азияда халықаралық су-энергетикалық консорциум құру мүмкіндіктері қаралды.

Панельдік сессия Орталық Азияда су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты жалпы көзқарасты қалыптастыру жолындағы бірінші қадам болды, ұлттық деңгейде су ресурстарын күшейтілген басқару және шекарааралық сулар бойынша жүйелі ынтымақтастық жалпы ресурстарды бірлесіп басқару қағидаттары негізінде барлық елдер үшін көптеген пайда табуға мүмкіндік береді.

 

29.05.19 2 29.05.19

29.05.19 29.05.19