Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

2019 ж.29 cәуір, Нұр-Сұлтан. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Венгрияның Ішкі істер министрлігі арасындағы су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Өзара түсіністік туралы меморандумға (бұдан әрі – Меморандум) қол қою рәсімі өтті. Рәсімге Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мырза және Венгрия Премьер-Министрінің орынбасары, Венгрияның Қаржы министрі Михай Варга мырза қатысты.

Меморандум екі тарап арасындағы су ресурстарын ықпалдастыра басқару мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамыту үшін негіз болады, сондай-ақ екі ел арасындағы Шекарааралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы Конвенцияны жүзеге асыру бойынша өзара іс-қимылды нығайтады.

Меморандумды орындау аясында Халықаралық суды бағалау орталығының қызметіне көмек көрсету, сондай-ақ тұрақты даму мақсаттарын атап айтқанда 6.5.2 көрсеткішін орындау саласындағы ынтымақтастықты дамыту,