Ташкент, Өзбекістан, 2019 жылғы 1-2 сәуір. Су саласындағы ғылым мен технологиялар бойынша Еуропалық Одақ-Орталық Азия желісінің конференциясы (бұдан әрі – Конференция) Орталық Азия елдерінің Ауыл шаруашылығы және энергетика министрліктері өкілдерінің, жоғары лауазымды дипломаттардың, сондай-ақ Орталық Азия мен Еуропалық Одақ елдерінің су секторының ғылыми қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

Аталған Конференция Еуропалық және Орталық Азия елдерінің өкілдері, зерттеу институттары мен университеттер, қаржыландыратын ұйымдар, компаниялар, ҮЕҰ және жергілікті қоғамдастықтар арасында су саласындағы ғылым мен технологиялар мәселелері бойынша диалогты нығайтуға бағытталған Еуропалық Одақ-Орталық Азия желісінің бірінші іс-шарасы болды. Су ресурстарын және өзен бассейніндегі тұщы су қорларын тұрақты және тең құқықты пайдалануды қамтамасыз ету мәселелері қатысушылармен Конференция барысында қаралды.

Конференция қорытындысы бойынша су-энергия-жер-азық-түлік өзара байланысын тұрақты басқаруға табысты көзқарасты таңдау үшін ұсыныстар жасалды.

02.05.19 2