2019 жылғы 12 наурызда Халықаралық суды бағалау орталығының (бұдан әрі - ХСБО) кеңсесінде ХСБО директоры С. Ахметовтың және SDC Даму және ынтымақтастық жөніндегі Швейцария агенттігінің арнайы уәкілі Гай Бонвин мырзамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Орталық Азиядағы Blue Peace бірлескен диалогының негізгі мақсаттарына қол жеткізу бойынша SDC Даму және ынтымақтастық жөніндегі Швейцария агенттігі мен ХСБО арасындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

Швейцария тарабы су секторының мамандары үшін жастар желісін құру бойынша ХСБО жобасына қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша Астана экономикалық форумында (2019 жылғы 16-17 мамырда) панельдік сессияны өткізуге байланысты нақты қадамдар белгіленді.