Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі - агроөнеркәсіптік кешенде, суда, балық шаруашылығында, орман және аңшылық шаруашылығында, жер ресурстары, геодезия және картография саласындағы көшбасшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады және заңнамада көзделген өз құзыретіне шегіндемемлекеттік органдардың қызмет саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асырады.

 

БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) 1947 жылы ЭКОСОС-да құрылған. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының бес аймақтық комиссиясының бірі. БҰҰ ЕЭК-тің негізгі мақсаты - жалпы еуропалық экономикалық ықпалдастықты дамыту. БҰҰ ЕЭК құрамына Еуропа, Солтүстік Америка және Азия елдеріндегі 56 мемлекет кіреді.